Елордадағы Backstreet Boys концерті дрон-шоуға ұласты

АСТАНА. KAZINFORM — 21 қыркүйекте елордада өткен Backstreet Boys концерті Aspan Galaxy ұйымдастырған әсерлі дрон-шоумен аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Backstreet Boys концерті әсерлі дрон-шоумен аяқталды
Фото: Видеодан скрин

Жүздеген дрон әуеге көтеріліп, жарықпен түрлі бейнелер жасап, түнгі аспанды сиқырлы көрініске бөледі.

Backstreet Boys концерті әсерлі дрон-шоумен аяқталды
Фото: Видеодан скрин
Backstreet Boys концерті әсерлі дрон-шоумен аяқталды
Фото: Видеодан скрин

Бұл шоу кештің нағыз сәніне айналып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. 

Backstreet Boys концерті әсерлі дрон-шоумен аяқталды
Фото: Видеодан скрин
Backstreet Boys концерті әсерлі дрон-шоумен аяқталды
Фото: Видеодан скрин

Айта кетейік, бұдан бұрын Kazinform тілшісі Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті қалай өткенін хабарлаған еді.

Кейіннен Тазабек бастаған топ Backstreet Boys концертінен кейін стадионды тазартқаны анықталды.

Әкімдіктің мәліметінше, Backstreet Boys концертіне 45 елден 12 мың турист келді. Олардың қатарында Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар