14:54, 18 Шілде 2025 | GMT +5
Елордадағы Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 18-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлаған едік.