Елордадағы Ұлы Дала даңғылының жаңа учаскесіндегі жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Ұлы Дала даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы Ұлы Дала даңғылының жаңа учаскесіндегі жол ашылды
Фото: Астана әкімдігі

Енді көлік жүргізушілері жаңа жолмен қатынай алады. 

Ұлы Дала жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмысы әлі де жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес, жолдың бір жағында инженерлік желілер тартылып, екінші жағында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Аумақты абаттандырудың толық кешені 2026 жылы аяқталмақ. 

Аталған учаскенің ашылуы ауданның көлік қозғалысын жақсартып, тұрғындардың жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы мен Шымкент арасындағы жол төрт жолақты болды. 

Соңғы жаңалықтар