Елордадағы ломбардтарды тонаған адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында қаладағы ломбардтарды тонау ісіні қатысты күдікті Солтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тонаушы ломбардтарға кіріп, зергерлік бұйымдарды (сақина, алтын сағаттар, алқалар) өлшеп көруге сұраған, осы сәтте сатушының қолынан бағалы заттарды жұлып алып, ізін суытқан. Ол күзеті жоқ ломбардтарды алдын ала байқап алып отырған. Ол 6 ломбардты тонаған», - деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті қылмысын мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін де алаяқтыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталып отыр.
Қазір күдікті қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамауды. Оның осыған ұқсас басқа да істерге қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.