Елордадағы жағдайдан кейін банктерге қауіпсіздік бойынша ұсынымдар беріледі - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі банктерге қауіпсіздік бойынша ұсынымдар беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылғаннан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқиғаның мән-жайын айтып, мұндай жағдай қайталанбас үшін қандай жұмыс жүргізілетінін жариялады.

«Әрине, мұның бәрі ескеріледі. Тергеу барысында бүгінгі оқиғаға ықпал еткен барлық себептер анықталады. Әрине, барлық банктерге осындай оқиғаларды болдырмау үшін ұсынымдар беріледі», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.

Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босатты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар