Елордаға LRT пойыздары қашан жеткізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының қызу жүріп жатқанын айтты.

— LRT құрылысы қызу жүріп жатыр. Биыл негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтадық, келесі жылы толық аяқтаймыз. Қазір жаңа теміржол вокзалы аумағында тұңғыш рельстер төселді. Келесі жылы қыркүйек-қазан айларында алғашқы пойыздар келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл ауқымды жұмыс, — деді Жеңіс Қасымбек мәслихаттың елорданың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітуге арналған отырысы барысында.
Әкімнің айтуынша LRT құрылысы қыс бойы жалғаса береді.
Айта кетсек, бүгін елорда мәслихатында Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілді.
Еске сала кетсек, қарашада Астанадағы LRT депосының құрылысы басталған еді.
Елорда әкімдігі 25 қарашада LRT станцияларындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
5 желтоқсанда LRT құрылысына алғашқы рельс төселді.