Елордалық көлік базарында бала еңбегін пайдалану дерегі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық көлік базарында балалар еңбегін пайдалану дерегі анықталды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Елордалық көлік базарында бала еңбегін пайдалану дерегі анықталды

«Жазғы демалыс кезінде Астана полиция қызметкерлері «Жұмыспен қамту» республикалық акциясын өткізді. Көлік базарында 1999-2001 жылы туған  кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жастағы жасөспірім балалар ойыншығын сатумен айналысқан», - делінген хабарламада.

Ол кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Жұмыс берушіге қатысты материалдар Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс басқармасына жіберілді.