11:34, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елорданың барлық аудандарының әкімдері жұртшылықпен есеп беру кездесулерін өткізіп жатыр
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Елорданың барлық аудандарының әкімдері жұртшылықпен есеп беру кездесулерін өткізуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай кездесулер Елбасының тапсырмасымен жылдың алғашқы айларында осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. «Тәжірибе жергілікті атқарушы билік басшыларының жұртшылықпен кері байланыс тетіктері ретінде өз тиімділігін растады. Олар халықтың елімізде өтіп жатқан реформалар, жергілікті органдардың жауапкершілігінің артуы мен есеп беруі туралы хабардар болуын жақсартуға көмектеседі», - делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, елорда сайтында 2009 жылдың қорытындысы бойынша есептер мен әкімдердің есеп беру кездесулерінің кестесі жариялануда.