14:29, 22 Қаңтар 2011 | GMT +5
Елорданың Сарыарқа ауданында ағымдағы жылдың 1 жартысында 3 мектептің құрылысы аяқталады
АНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың Сарыарқа ауданында ағымдағы жылдың 1 жартысында 3 мектептің құрылысы аяқталады.

Бұл туралы бүгін жұртшылықпен есеп беру кездесуі барысында Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина айтты.
Аудан басшысының атап өтуінше, олар Тілендиев даңғылы бойындағы 1200 орынға, Көктал-2 ауданындағы 800 орынға және тағы да 800 орынға арналған кәсіптік мектеп нысандары.
С.Мұстафинаның айтуына қарағанда, өткен жылы 2 балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға белген. Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасы аясында бұрын басқа мақсатта пайдаланылған 8 ғимарат мемлекет меншігіне алынып, балабақша айналдырылған. Олардың 7-еуі өткен жылы пайдалануға берілген. Ал кейінірек босатылған тағы бір ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.