Елжан Біртанов «Охотзоопром» қорықшысының денсаулығы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдеріне браконьерлер жаралаған «Охотзоопром» қорықшысы Қаныш Нұртазиновтің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Охотзоопром» қорықшысының жағдайы тікелей менің бақылауымда. Күн сайын оның жағдайы туралы ақпарат келіп тұрады. Дәл қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Толық ем алуын жалғастырады», - деді министр.

Еске салсақ, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетіндігін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар