Емханада жанжал шығарған қызылордалық сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласының №2 соты сотталушының медицина қызметкерінің денсаулығына қасақана жеңіл түрде зиян келтіргеніне байланысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

сотталды
Фото: pexels.com

Іс құжаттарына қарағанда, жәбірленуші дәрігерлік амбулаториядағы кабинетінде науқас қабылдап отырған. 

- Ол осы кезде кабинетке кіріп келіп, жанжал шығарған. Жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген, - делінген хабарламада.

Сот отырысының қорытындысына сәйкес, сотталушы Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бұған дейін біз қызылордалық бойжеткенді аңдып, оның тыныштығын бұзғаны үшін өгей әке қамауға алынғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум