«Эмоцияға беріліп, дауыс көтерудің қажеті жоқ»: судья Перизат Қайратқа ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты сот отырысының алғашқы күні қорытындыланды.

На что потратили деньги Перизат Кайрат и ее мать
Коллаж: Kazinform / Freepik / Instagram

- Айыпталушы Перизат Қайрат қайталап айтамын, сіз қазір куәгерге өз пікіріңізді таңып отырсыз. Куәгерге қысым көрсетпеуіңізді сұраймын. Егер сұрақтарыңыз қайталана берсе, сот оларды алып тастайды, - деген ескерту жасады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов басты айыпталушыға.

Перизат Қайрат өз кезегінде куәгер бетке қарап тұрып жалған жауап беріп жатқанын айтып, жылап жіберді.

- Айыпталушы, мен сізге түске дейін екі рет түсіндірдім ғой. Сұрақ қойдыңыз ба? Жауабын тыңдаңыз, содан кейін келесі сұрақты қойыңыз. Сіздің өзіңізге ыңғайлы жауап алғыңыз келіп тұрғаны байқалып тұр. Сот отырысының белгіленген тәртібі бар. Куәгердің шын немесе жалған жауап беріп отырғанын сот анықтайды. Эмоцияға беріліп, дауыс көтерудің қажеті жоқ, - деп түсіндірді судья.

Сот отырысы 15 шілде сағат 10:00-де жалғасады.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайрат пен оның анасына тағылған айыптарды тізбектеп шықты.

Судья сұрағына жауап берген Перизат Қайрат айыптар негізсіз тағылды деп, мойындамайтынын жеткізді.

бұрынғы «Nur Otan» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атап өтті.

Мемлекеттік айыпталушы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева 3,5 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тізіп берді.

Айта кетсек, бұған дейін де Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспеді.

Сондай-ақ Перизат Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Артынша елорда полициясы тергеу изоляторында болған жайттың видеосын көрсетті.

Белгілі болғандай, Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтеді.

Бұған дейін елордада Перизат Қайраттың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті.

Биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді.

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы 14 қарашада белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар