Емтихансыз жүргізуші куәлігін алып бермек болған ақтөбелік ұсталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО-да өз «қызметін» ұсынған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметіне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алып беру қызметін ұсынған адам туралы ақпарат түсті. Ол жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсырып, көлік жүргізуге уәде еткен. Жедел шара кезінде жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден жүргізуші куәлігін алуға қажетті бір адамның барлық құжаты табылды. Ұсталған ақтөбелік бар кінәсін мойындап, қызметі үшін 50 мың теңге алатынын айтты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.