Ең кішкентай шенеунік Ақтөбе облысында жұмыс істейді

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Алға аудан орталығының тұрғыны Серім Амангелді 24 жаста. Бірақ ол 10 жасар балаға ұқсайды.
None
None

Жігіт өз денсаулығына шағымданбайды, бүгінгі күні ол аудандық білім бөлімінде есепші болып жұмыс істейді. Оған сирек диагноз қойылды: гипофизарлық нанизм, былайша айтқанда, бойдың өспей қалуы, деп жазады «Экспресс К» газеті «Самый маленький чиновник» атты мақаласында (авторы - Асқар Ақтілеуіов, № 33 (17633), 22.02.2013 ж.).

Бойының тапал болуына қарамастан, Серім өте ақжарқын және белсенді адам. Оны танитын адамдар Серімсіз кез келген шаралар қызықсыз өтетінін айтады. Достары мен құрдастары онсыз еш тойларын өткізбейді.

«Отбасымызда үш баламыз. Кенже бала ретінде 70-тен асқан ата-анаммен тұрамын. Бүгінде салмағым 40 келіге жуық, бойым - 140 сантиметр. Денсаулығыма шағынданбаймын. Шаруашылықты бәрін өзім атқаруға тырысамын. Кейде жоғары сөреден қандай да бір затты ала алмаған кезде туыстарымды көмекке шақырамын», - дейді Серім.

Серім қарапайым балалармен қатар өсті. Мектепте үш пен төртке оқыды. Бірақ математикадан озат оқушы болатын. Серімнің жақсы көретін пәні тарих болды. Күндер мен фактілерден шатаспайтын. Жігіт өз проблемаларын өзі шешуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар