Ең жүйрік тазылар Алматыда

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада шырға тарту бойынша өткен «Тазы Гран-При» байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Байқауға 300-ден астам үміткердің арасынан таңдап алынған 69 тазы қатысты. Еліміздің 17 өңірінен келген тазылардың көбі бұған дейін бірталай додаларда топ жарып жүрген белгілі қатысушылар. Арасында енді ғана көпшілік көзайымына айналып келе жатқан жас тазылар да бар.

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жарыста арландар мен қаншықтар жеке-жеке бәсекеге түсті. 1 шақырымда шырға тартудан жарысқан 70-ке жуық тазы алдымен 12 топта өзара бақ сынады. Әр топта үздік атанған 6 арлан мен 6 қаншық финалға жолдама алды.

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ақтық бәсекеде үздік үштік анықталды. Қатысушылардың арасында әсіресе алматылық тазылар ерекше көзге түсті.

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Арландар арасындағы жүлдегерлер:
І орын — Сылдыр (Алматы қаласы)
ІІ орын — Сұркиік (Астана қаласы)
ІІІ орын — Қарақұс (Алматы қаласы)

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қаншықтар арасындағы жүлдегерлер:
І орын — Сұңқар (Алматы қаласы)
ІІ орын — Ерке қыз (Қарағанды қаласы)
ІІІ орын — Айсары (Қарағанды қаласы)

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Дәстүрлі додада оза шауып, үздік атанған тазылардың иелеріне 750 мың теңге сыйақы берілді. Екінші болып келгендерге 500 мың, ІІІ орын алған тазының иелеріне 250 мың теңге табысталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін байқаудың жалпы жүлде қоры 3 млн теңге екенін жазған едік.

Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Ең жүйрік тазылар Алматыда
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар