Еңбек министрі Асқарбек Ертаев ант берді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ант берді.

Аскарбек Ертаев
Фото: Рrimeminister.kz

- Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деп ант берді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум