Еңбек министрлігінің шенеунігі баланың мүгедектігін бекіткені үшін пара алған
АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеунігі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан пара алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

— Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол мүгедектік топтарын белгілеуге келіскені үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан жалпы сомасы 850 мың теңгеге бірнеше рет пара алды деп айыпталуда, - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, пара қаладағы емханалардың бірінің медбикесінің делдалдығымен берілген.
— Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа тартылды, - деді Данияр Бигайдаров.
Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.
Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.
Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.
Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатқаны айтылды.
Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген.