Энергетика министрі жылусыз қалған қалалардағы жағдайды «технологиялық ақау» деп атады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылумен жабдықтау саласында проблемаға тап болған қалалардағы жағдай туралы мәлімет берді,   деп хабарлайды Kazinform.

Алмасадам
Фото: Kazinform

«Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылықтар байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде технологиялық бұзушылықтар Теміртау қаласындағы «Bassel Group LLS» ЖШС және Екібастұз ЖЭО Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де ғана тіркелді. Бұл нысандарда температура режимі толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар технологиялық бұзушылықтардың сипатына қарасақ, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа жатпайды», - деді министр.

Оның сөзінше, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақаулар да нормативтік мерзімде жойылған.

«Қазіргі уақытта барлық тұтынушы қосылған. Электр қуатын тұтынудың ең жоғары мөлшері 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Соңғы жаңалықтар