ЕО Қазақстанда өтетін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерде Ираннан икемділік күтеді

БРЮССЕЛЬ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Еуроодақ 26 ақпанда Алматыда өтетін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерде Ираннан икемділік күтеді.
None
None

Бұл туралы Брюссельде ЕО-ның шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуден кейін мәлім етті.

«Біз Иран бұл келіссөздерге икемді келеді, сонда ғана біз елеулі ілгерілеушілікке қол жеткіземіз деп үміттенеміз», - деді К.Эштон.

Сонымен бірге, еуропалық сыртқы саясат қызметінің басшысы Иранның халықаралық міндеттемелерін сақтауына қол жеткізу қажет деп атап өтті.

ҚазАқпарат бұдан бұрын ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, Иран және ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық араағайындық алтылығы - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері өзара консультациялардан кейін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің кезекті раундын Қазақстанда (Алматы) осы жылғы 26 ақпанда өткізуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Осыған байланысты ҚР СІМ Қазақстан бұл шешімді құптайды және бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұру үшін өте маңызы зор осы келіссөздердің ойдағыдай өтуіне қажетті барлық жағдайды және қолайлы ахуалды жасайды деп мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар