09:40, 16 Шілде 2022 | GMT +5
Эпидахуалды бағалау матрицасы: барлық өңір «жасыл» аймақта
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 16 шілдедегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы бірнеше күн «сары» аймақта орналасқан болатын.
Кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы енді жаңа тәртіппен айқындалатынын мәлім еткен еді.
15 шілде күнгі бір тәулікте елімізде коронавирус 1470 адамнан анықталды.