Ерболат Мұхамеджан Президент ТРК директорының кеңесшісі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Журналист, бірнеше тележоба авторы Ерболат Мұхамеджан Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің ТРК баспасөз қызметі мәлім етті.

Ерболат Мұхамеджан ҚР Президентінің ТРК директорының кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: ҚР Президентінің ТРК баспасөз қызметі

Ерболат Мұхамеджан – мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі тележурналист және продюсер.

Әр жылдары республикалық телеарналарда қызмет етіп, аналитикалық бағдарламалардың авторы болды. Медиа саласында оқу жобаларын жүзеге асырды.

Білім беру және мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі бар: Maqsut Narikbayev University-де басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.

Гонконг пен Лондондағы Bloomberg TV арнасында кәсіби тағылымдамадан өткен, Еуропалық Одақтың Брюссельдегі бағдарламаларына және Оңтүстік Кореяда World Journalists Forum-ға қатысқан.

Қазіргі таңда медиа жобаларды жасақтаумен және жүзеге асырумен айналысады, сонымен қатар «Уәде» тележобасының авторы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Илья Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу комитетінің төрағасы болып тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар