19:30, 24 Мамыр 2025 | GMT +5
Ердоған Сирия басшысы Ахмед әл-Шараамен кездесті

Келіссөзге Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Ясар Гүлер, Ұлттық Барлау Ұйымы (MIT) басшысы Ибрахим Калын, Қорғаныс өнеркәсібі президентінің басшысы Халук Горгун, Сирия Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шейбани және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Кездесу баспасөзге жабық есік жағдайында өтті.
14 мамырда АҚШ санкцияларының күші жойылған тұста президент Дональд Трамп Сирия лидері Ахмед аш-Шараамен алғашқы ресми кездесуін өткізіп, Вашингтон мен Дамаск арасындағы қарым-қатынаста жаңа кезеңді ашты. Сонымен қатар Сирия президенті Израильмен жанама келіссөздер жүргізілгенін растады.