ERG Skills International: Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені шеберлері арасында байқау өтті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені кәсіби шеберлерінің байқауы өтті. Халықаралық байқауға Қазақстан мен Қытайдың жетекші кәсіпорындарының және оқу орындарының 160-тан астам өкілі қатысты.

ERG Skills International: Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені шеберлері арасында байқау өтті
Фото: ERG

Eurasian Resources Group компаниясы ұйымдастырған ERG Skills International байқауы — тау-кен металлургия кешені өкілдері мен студенттер үшін бірегей алаң.

Сайыс Павлодар қаласының Ақсу қаласында ұйымдастырылды. Оны жұмысшы мамандықтары саласындағы кәсібиліктің эталоны саналатын WorldSkills стандарты бойынша өткізді. Жарысқа 160-тан астам конкурсант пен олардың тәлімгерлері келді. Олардың қатарында Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жетекші компаниялары — «Qarmet» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Қазақмыс», ERG кәсіпорындарының, сондай-ақ Қытайдың тау-кен металлургия саласының өкілдері бар.

— Қазақстанға электр монтажы және өнеркәсіптік ұйымдар бағыты бойынша кәсіби шеберлер байқауына қатысу үшін келдік. Ұйымдастырушылар да, қатысушылар да өте кәсіби. Өндіріс жоғары деңгейде. Заманауи құрал-жабдықтар қуантты. Өзінің шеберлігіңді көрсету үшін барлық жағдай жасалған, — деді ERG Skills International қатысушысы Шаньси қаласындағы энергетикалық кәсіптік-техникалық колледждің оқытушысы Ван Си.

ERG Skills International: Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені шеберлері арасында байқау өтті
Фото: ERG

Қатысушылар 5 күн бойы сайысқа түсті. Барлығы 13 негізгі құзырет, оның ішінде құйма ісі, дәнекерлеу технологиялары, токарлық және слесарлық іс, өндірістік автоматика, электромонтаж, CAD инженерлік графикасы, зертханалық химиялық талдау, еңбек қорғау, тау-кен және маркшейдерлік іс, пайдалы қазбаларды байыту, цифрлық бағдарламалық басқаруы бар станоктар операторы бар.

— ERG кадрлар даярлау экожүйесін жүйелі түрде, мектеп партасынан оқытудан және кәсіби бағдарлаудан бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ біздің корпоративтік университеттегі оқытуға дейін дамытып келеді. ERG Skills International байқауын өткізу — осы экожүйенің тағы бір тиімді элементі. Байқауымыз жұмыс стандарттарын арттыруға және болашақ экономикасына қажетті жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді, — деді Қазақстандағы ERG компаниясының бас директоры Серік Шахажанов.

Айта кетерлігі, бұл жолы білім беру бағытына ерекше назар аударылды. ERG Skills International байқауына Колледждер альянсы мен ERG, сондай-ақ басқа да оқу орындарының өкілдері қатысты. Барлығы 15 колледж бен университет өкілдерін жіберді.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бүгін біз көріп отырған қатысушылар мен өткізіліп жатқан іс-шара жұмысшы мамандығы — бұл еліміздегі шынымен де құрметті мамандық екенін тағы да бір мәрте дәлелдеп отыр. Дивизион басшысы ретінде мен үшін бұл өте көптен күткен іс-шара. Себебі осындай және Еуразиялық топтағы басқа да көптеген іс-шараның арқасында жастарды дамытып, олардың кәсіби дағдыларын арттырып келеміз. Маңызды жайттардың бірі — біз шын мәнінде біртұтас үлкен жұмысшы отбасына айналып келеміз, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

ERG Skills International: Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені шеберлері арасында байқау өтті
Фото: ERG

ERG Skills International байқауының өткізілуі Eurasian Resources Group компаниясының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудағы, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне кадрлар даярлаудың үздік халықаралық тәжірибелерін ілгерілетудегі көшбасшылығын тағы да дәлелдеді.

— Мен «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың Дөң тау-кен байыту комбинатынан келдім. «Пайдалы қазбаларды байыту» құзыреттілігі бойынша қатысушымын. Бұған дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болғанмын, ал Ақсу зауытына алғаш рет келіп отырмыз. Бізге зауыт бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды, зауыт өте қуатты екен, — деп әсерімен бөлісті «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының диспетчері Анар Маханалинa.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС химиялық талдау зертханашысы Айзада Қуанышбаева сайысқа қатысу барысында көп жаңа дағдылар мен білім алғанын айтты.

— Біз үшін бұл әрине, орасан зор тәжірибе болды. Сайысқа қатысу барысында көп жаңа дағдылар мен білім алдық, тәжірибе алмастық. Барлық қатысушымен және сарапшылармен танысқаныма қуаныштымын. ERG ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келеді, — деді Айзада Қуанышбаева

Ал ERG Service компаниясының сандық бағдарламалық басқаруы бар токарлық станок токары Дмитрий Гусев жаңа буындағы заманауи сандық бағдарламалық басқаруы бар токарлық станокта жұмыс істеу өте қызықты болғанын алға тартты.

— Байқау тапсырмасы жоғары дәлдікті және өңдеу технологиясын терең түсінуді талап етті. Әсіресе жаңа буындағы заманауи сандық бағдарламалық басқаруы бар токарлық станокта жұмыс істеу өте қызықты болды. Уақыт шектеулі жағдайда оны «жол-жөнекей» меңгеру нағыз сынаққа айналды. Алайда дәл осындай міндеттер кәсіби тұрғыда дамуға және өз күшіңе сенімді болуға көмектеседі. ERG Skills International байқауындағы жеңіс — бұл тек жеке еңбектің емес, сонымен қатар әріптестер мен компанияның тұрақты қолдауының нәтижесі, — деп атап өтті Дмитрий Гусев.

ERG Skills International: Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургия кешені шеберлері арасында байқау өтті
Фото: ERG

Бұл байқау өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын нығайтудың маңызды қадамына айналып, кәсіби құзыреттерді дамыту мен жұмысшы мамандықтарының танымалдығын арттыруға ықпал еткенін атап өткен жөн.

Айтпақшы, ERG Skills байқауы 2023 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Сондай-ақ ERG жоғары оқу орындарымен бірлесіп, ТКМК 2.0 жаңа мамандықтар атласын өзектендіру және атластағы мамандықтарға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Топ Қазақстанда әлемдік деңгейдегі корпоративтік университеттің толыққанды жүйесін құрған алғашқы компанияға айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар