Еркін күрес: Қазақстан балуандары Азия чемпионатында медальдар кестесінде бірінші орын алды

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан Санжар Досжанов (70 келі), Болат Сақаев (79 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал Ризабек Айтмұхан (92 келі) пен Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Рахат Қалжан (57 келі) қола алды.

Медальдар кестесінде қазақстандық балуандар Моңғолия (1+1+3) мен Қырғызстан (1+1+2) құрамаларын артқа салып кетті.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 3 қола медальмен төртінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар