18:56, 12 Мамыр 2023 | GMT +6
Ерлан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс Қазақстан облысының активіне және полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды.