22:23, 14 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ертең Ақтөбеде 1-8 сынып оқушылары онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұған өңірдегі ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
— Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы барлық білім беру ұйымдарында 1-ауысымда оқитын 1-8 сынып оқушылары үшін оқу процесі қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта ауа райына байланысты жабылған және ашылған жолдар туралы жаңартылған ақпарат таратты.