21:07, 09 Наурыз 2026 | GMT +5
Ертең ақтөбелік оқушылар онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облыстық білім басқармасы мәліметінше, өңірдегі мектеп оқушыларының барлығы дерлік қашықтан оқуға ауыстырылды.
— 10 наурызда Ақтөбе облысында ауа райына байланысты өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында бірінші ауысымның 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі, — делінген хабарламада
Бұдан бұрын Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болатыны, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын құятыны айтылды.