21:40, 21 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, Астана қаласының тек 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.
— 2025 жылғы 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін боранға байланысты Қазақстанның 11 облысында жолдар жабылғанын хабарлаған едік. Қазір полиция департаментінің қызметкерлері жолды жауып, күшейтілген тәртіптегі қызметке көшті.
Сонымен қатар, Ақмола облысының жабық жолдарында 1400-ден аса адам қалып қойғанын жаздық.