21:57, 16 Мамыр 2024 | GMT +5
Ертең футболдан QFL Әйелдер лигасының ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан QFL Әйелдер лигасының ойындары ертең, 17 мамырда басталады. Доп додасы 4 қазанға дейін созылады.

Ел біріншілігінде «Ақтөбе», «БИІК-Шымкент», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Томирис-Тұран» әйелдер футбол клубтары сынға түседі. Ойындар 4 айналымға еептелген. Ол Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Түркістан қалаларында өтеді.
Доп додасында 20 турға лайықталған 40 матч жоспарланған. Әрбір клуб әр қарсыласпен төрт мәрте кездеседі.
Турнир жұма күні QFL Әйелдер кубогының қола жүлдегері «Ордабасы» мен түркістандық «Томирис-Тұран» арасындағы ойынмен басталады. Матчтар Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінде өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті.