Ертең Режеп Тайип Ердоған БАӘ мен Эфиопияға сапарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 16–17 ақпан күндері Біріккен Араб Әмірліктері мен Эфиопияға ресми сапармен баратыны белгілі болды, деп хабарлайды Анадолы.

Режеп Тайип Ердоған
Фото: Ақорда

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Бурханеттин Дуран NSosyal әлеуметтік желісінде мәлім етті.

— 16 ақпанда өтетін кездесулер барысында президент Ердоған мен БАӘ президенті әрі Әбу-Даби әмірі Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету шараларын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылайды, — деп жазды ол.

17 ақпанда президент Ердоған Аддис-Абеба қаласына барып, Абий Ахмед Алинің шақыруымен келіссөздер өткізеді.

Сапарлар аясында келіссөздері аяқталған бірқатар келісім мен құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Осыдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды Газа секторының қалпына келтірілуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Бейбітшілік кеңесінің» құрылтайшы мүшесі болуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум