Ертіс өзені арқылы өтетін Орта Азиядағы ең ірі көпірдің арқалығы орнатылды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Орта Азиядағы ең ірі көпір өткелінің арқалығы орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей, эстакадалық бөлімді көпір өткелінің негізгі құрылымымен қосқан. Осылайша, көпір өткелінің негізгі жұмысы  мәреге жетті. Жарықтандыру мен жол белгілерін құру ғана қалды. - Жуырда ұзындығы 476 метр Ертіс өзені арқылы өтетін негізгі көпірдің орталық аркасын орнау жұмыстары аяқталған болатын. Алғаш рет 2015 жылы сәуір айында сапасы жоғары таңбалық  құрылым өнімі іске қосылды. Оған 40-тан астам адам жұмылдырылды.  Көпір өткелінде ұзындығы 18 метр 78 арқалық,  24  метрлік 54 арқалық, 33 метрлік 880 және 42 метрлік 452 арқалық құрылған, - деді Дилара Зарлықова.

Айта кетерлігі, көпір жаңа технологияларға сəйкес вант тəрізді иілгіш көлбеу аспаларды қолданумен жасалынуда. Жобаның жалпы құны 53,9 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде көпір республикалық "Орталық-Шығыс" төрт жолақты автобанның бір бөлігіне айналады және  Қазақстанның орталық бөлігін Ресей елінің көршілес жатқан өңірлерімен байланыстырады. Сонымен қатар, жаңа көпірдің ашылуы Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15 километрге қысқартса, еліміздің шығыс өңірлерінен орталық аймаққа қатынайтын транзиттік көліктер қала ішіне кірмейді. Осылайша, жолды 40 километрге қысқарту мүмкіндігі туады. Жобаның құрылысына 13500 металл құрастырылым, 150 000 текше метр бетон жұмсалды.

Көпір өткелін салу барысына 900-ға жуық адам жұмылдырылған, олардың 743-ы облыс тұрғындары. Жобаны жүзеге асырудың арқасында облыстық бюджетке 164 миллион теңге көлемінде салық түсті, ал республикалық бюджет 1,9 миллиард теңгемен толықты. Жергілікті бизнес өкілдерінен 2,9 миллиард теңгеге тауар мен қызмет түрі сатып алынды.

 Жоспарға сәйкес көпір өткелі осы жылдың желтоқсан айында тапсырылуы керек. 

 

Соңғы жаңалықтар