Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — 2025 жылы резерваттың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық зерттеулер нәтижесінде резерват аумағында бұрын тіркелмеген 40 құс түрі анықталған. Олардың ішінде Павлодар облысы бойынша алғаш рет тіркелген түрлер де бар.

Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар
Фото: Ертіс орманы

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты — еліміздегі биоалуантүрлілігі жоғары және ғылыми маңызы зор аумақтардың бірі. Қазіргі таңда мұнда құстардың 90 түрі тіркелген. Оның ішінде 10 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Сондай-ақ өсімдіктердің 307 түрі мен сүтқоректілердің 21 түрі анықталған.

Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар
Фото: Ертіс орманы

— Былтыр ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары зерттеу жүргізе келіп, қарағай арасында бұрын болмаған 40 құс түрін анықтады. Олардың ішінде кәдімгі жыланжегіш (Circaetus gallicus), ементұмсық (Coccothraustes coccothraustes), азиялық қарабас шақшақ (Saxicola maurus), қызылқұлақ сұлыкеш (Emberiza cioides) түрлері бар. Біразы бұған дейін Ертіс-Баян өңірінде ұшыраспаған, алғаш тіркеліп отыр, — деп хабарлады резерваттан.

Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар
Фото: Ертіс орманы

Резерват басшылығы алдағы уақытта да жүйелі мониторинг жұмыстарын жалғастыра беретіндерін хабарлады. Табиғи байлықты сақтау мен қорғауда «Ертіс орманының» алатын орны айрықша.

Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар
Фото: Ертіс орманы

Бұған дейін Ертіс орманына түлкілер қайта оралып жатқанын жазғанбыз. 

Ертіс орманынан қыста қандай құстарды кездестіруге болады. 

Соңғы жаңалықтар