Ертіс орманының инспекторлары браконьерлерге қарсы шараларды күшейтіп жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Бұған Павлодар облысында күзгі-қысқы аңшылық маусымының ашылуы себеп болып отыр. Айрықша қорғалатын жалқарағай ормандарында аң аулауға тыйым салынған.

Лес Боровое деревья Орман  Бурабай ағаштар
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ертіс орманы резерватының аңшылықтанушылары мемлекеттік инспекторлармен, ТКжНҚ бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша патрульдеу жүргізуде. Мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған. Жануарларды заңсыз аулап, табиғатқа орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

— Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарларды заңсыз аулағаны үшін залал 3 еселенген коэффициентке көбейтіледі. Мысалы, резерват аумағында браконьерлік жасап, елік атып алсаңыз мемлекетке 2 млн 769 мың теңге залал келтірген болып есептелесіз, -дейді Бесқарағай филиалының аңшылықтанушысы Ералы Исатаев.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында күзгі аңшылық маусымы ашылды. 

 

Соңғы жаңалықтар