Президент Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
АСТАНА.KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды,-делінген хабарламада.
Ерванд Тихонович — КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, 1968 жылдан бастап КСРО спорт шебері, ал 1982 жылдан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Сонымен қатар, өзге де атақтары бар:
— 1973 жылдан бері ЦСКА-ның альпинизм бойынша аға жаттықтырушысы.
— 1975 жылдан — Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
— 1979 жылдан — КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Жаттықтырушылық қызметі барысында КСРО және Қазақстан Республикасының 100-ден астам спорт шеберін даярлаған, оның ішінде 33-і — халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстанның альпинизм құрамасының бас жаттықтырушысы — әлемде алғаш болып планетадағы барлық 14 сегіз мыңдықты оттегісіз бағындырған команда жетекшісі.
Осыған дейін білім жүйесінде «Еңбек Ері» атағын алған қанша ұстаз еңбек етіп жатқаны туралы жаздық.