Ержан Қарымсақов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы болып тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Ержан Қарымсақов тағайындалды.

Ержан Қарымсақов 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер», 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» бакалавры дәрежесі бойынша бітірді.
2001-2005 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде түрлі қызметтер атқарды.
2005 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде консультанттан бастап, бөлім басшысына дейін жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті басқармасының бас консультанты болды.
2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде басқарма басшысы болды.
2020 жылдан осы соңғы тағайындауға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет атқарды.
Бұған дейін Талғат Сәбиев СҚО бойынша Экология департаментіне басшы болғанын жазған едік.