Ержан Саденов жолдарда жүргізушілерді жасырын шолғындауға қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Саденов жолдарда жол жүрісі қағидаларын бұзатын жүргізушілерді жасырын шолғындауға қатысты пікір білдірді.

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 500 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: Kazinform

- Жолдарда жасырын шолғындау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Оған дұрыс қарау керек. Жасырын, аңду деген мәселе жоқ. Біз оларды анықтап, жүргізушілермен алдын алу шараларын жүргіземіз. Мұны жол апаты, адам өлімі болмауы үшін істеп жатырмыз. Жүргізуші жол ережесін сақтап, заңмен жүрсе, несіне қорқады?! Ең бастысы – адам өмірі. Ашық түрде тіркеу құралдары бар. Жол белгісін көргенде жылдамдықты төмендетіп, ақырын жүресіз. Қала тұрғыны бірнеше жыл сол жерде тұрған соң қай жерде қандай камера бар екенін біледі. Адамбыз ғой, камера жоқ жерде жылдамдық асырамыз. Сондықтан жасырын шолғындау болуы керек, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы орайда Ержан Саденов полиция мақсаты айыппұл салу емес деп атап өткенімен, жасырын шолғындау барысында жол жүрісі ережесі бұзылғаны тіркелгенде, жүргізушіге айыппұл салынатынын жасырған жоқ.

Ержан Саденов күдікке ілінген полицейдер жайында пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар