Есіл ауданында 72 көше бар, 192 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді ? Қайрат Жаңабергенов

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Есіл ауданының жол-көлік желісіне тоқталар болсақ, ауданда 72 көше бар, 192 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
None
None
Бұл туралы бүгін елордадағы №45 мектебінде өткен 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері жөніндегі жұртшылық алдында есеп беру кездесуінде Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Соңғы 2 жыл ішінде 28 шақырым жол жөнделді. Биыл тағы 5 шақырымы салынбақ. Сондай-ақ инженерлік желілер мен жолдардың құрылысына 2011 жылға дейін 24 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр», - деді Қ.Жаңабергенов.Тұрақты мемлекет, қоғамның әл-ауқаты мен халықтың денсаулығы жайында сөз еткен аудан әкімі әлеуметтік саланың 3 негізгі бағыттарын атап өтті. Олардың алғашқысы ? білім беру. «Білім беру жүйесін дамыту ? біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Ауданда 4 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі бар, онда 3 748 оқушы оқиды. Бүгінде бізді мазалайтын бірқатар мәселелер бар. №59 мектепте сыныптар санының көптігінен сабақ 3 ауысымда өтеді. 1200-дің орнына 1700 бала білім алады. Бұдан басқа ауданда 90 бүлдіршінге есептелінген 1 балабақша жұмыс істейді. Онда да бала саны 106-ға жетті. Ауданда барлығы 696 мектепке дейінгі жастағы бала бар, қалалық кезек 3 мыңнан асады», - деп атап өтті ол. Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, 2009-2012 жылдарда 4 мамандандырылған оқу орнын салу жоспарлануда. Оның үстіне, ҚазМЗУ университет қалашығы пайдалануға берілмек. «Алдағы уақытта жаңа Қан орталығы, перзентхана, жедел жәрдем ғимараттары пайдалануға берілмек. Сонымен бірге, 30 мың орындық стадион мен республикалық велотрек, коньки тебу стадионы ашылады», - деді Қ.Жаңабергенов.
Соңғы жаңалықтар