17:43, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Есірткі пайдаланған жолаушы Өскемен-Астана бағытындағы ұшақта жанжал шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 маусымда Өскемен әуежайындағы полиция Желілік бөлімінің кезекші бөліміне Өскемен-Астана арасына қатынайтын «Скат» әуе компаниясы ұшағының бортында жолаушы жанжал шығарғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Бортсерікпен жанжалдан кейін 34 жастағы елорда тұрғыны рейске жіберілмеді.
Куәландыру актісінің қорытындысына сәйкес ер адам орташа дәрежеде мас екені, есірткі тұтынғаны белгілі болды.
Заң бұзушыға қатысты Өскемен қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ӘҚтК 440-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Аталмыш факті ҚР ҚК 296-бабы 1-бөліміне сәйкес бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді.