13:10, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
Есірткі сатушысын ұстау үшін үш ай қажет болды - Ақтөбе облысының ІІД
АҚТӨБЕ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбеде есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері марихуана сатушысын қамауға алды. Оны ұстау үшін үш ай қажет болған еді, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұзаққа созылған жедел бақылау күдікті азаматтың клиенттерге есірткілік заттарды сатуы ұялы телефон арқылы кездесуге шақыруынан басталатынын көрсетті. Оның қылмыстық әрекетін құжаттандыру үшін полиция қызметкерлері қылмыскер кептірілген марихуананы сатқан кезде «жедел сатып алу» әдісін қолданды.
Бірінші тоқсанда полиция қызметкерлері барлығы 30 есірткі қылмысын анықтады, соның ішінде 26-сы - есірткі сату. Заңсыз айналымнан 3 келі 570 грамм есірткі алынды, соның 1 келі 260 грамы героин.