Есірткі тасымалдаған ақтөбелік 10 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3- бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) азамат С. қатысты қылмыстық іс қаралды.
None
None

Сот үкімімен анықталғандай, сотталушы С. 2016 жылдың қаңтар айында қасақана, пайдакүнемдік ниетпен заңсыз иемдену және материалдық пайда табу үшін аса ірі мөлшердегі есірткі зат - кептірілген марихуананы заңсыз сақтап, одан әрі сату мақсатында пойызбен Қызылорда қаласынан Ақтөбе қаласына заңсыз өткізген.   

Келесі күні С. жалға алған пәтерінің ауласынан полиция қызметкерлерімен ұсталды. Жеке тінту барысында өткізу үшін өзінде заңсыз сақтаған  аса ірі мөлшердегі есірткі зат - кептірілген марихуана бар пакеті табылып, алынды.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар