Есірткі тұтынған ақтаулық әскери қызметкер айыппұлмен құтылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе гарнизоны әскери сотында есірткі затын сатып алып, тұтынғаны үшін Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінің қызметкеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәлім болғандай, Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінің қызметкері Данияр Каженов ауырып, Ақтөбе әскери госпиталіне ем қабылдауға жолға шыққан. Сол кезде теміржол вокзалынан 20 мың теңгеге сіріңкенің екі қорабына салынған есірткі затын сатып алып, тұтынған. Сот сараптамасы әскери қызметкер тұтынған ескірткінің иісі бар жасыл шөп, яғни, марихуана екенін анықтады. Іс материалына сүйенсек, Ақтөбе қаласына емделуге келген сотталушы Данияр Каженов қол сөмкесін танысының үйіне тастап, өзі госпитальге жатқан. Кейін танысына телефон арқылы хабарласып, қажетті заттарын жеткізіп беруді сұраған. Госпитальден шығып, өзіне тиесілі сөмкені алған әскери қызметкер кезекші бөлімдегі тексеруге бағынбай, ақырында полиция шақыруға тура келген. Сол жерде әскери қызметкер ұсталып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.
null 

Бүгін Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Қадыров Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша сотталушы Данияр Каженовті айыпты деп танып, 80 АЕК көлемінде айыппұл салды. Яғни, сотталушы 181 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Сонымен қатар 60 мың теңгеден астам сот шығынын өтеуі тиіс. Ал тәркіленген 6,41 грамм марихуана жойылды.

Айта кетейік, әскери қызметкер капитан-лейтенант шенінен айырылмайтын болып шешілді, ол жұмысын жалғастыра береді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар