Есіл бойындағы Бұзылық қарымта реттегішін салуға 120 млрд теңге қажет

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта мемлекет Есілдің арнасынан асқан суды көктем мен күзде қалай реттейтіні айтылған.

Есіл бойындағы Бұзылық қарымта реттегішін салуға 120 млрд теңге қажет
Фото: Адлет Беремкулов / Kazinform

- Су саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша Есіл өзенінде қарымта реттегіш салу (Бұзылық) жоспарланған. Есіл қарымта реттегіші 800 млн текше метрден тасқын су мен қар суын жинақтап, реттейді, - деп жазылған жауапта.

Қанат Бозымбаев бұл гидронысан етектегі Сергеев және Петропавл су қоймаларының жұмысын тұрақтандыруға қолданылатынын айтады.

- Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары 2024 жылдың қараша айында аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы 2025 жылдың наурыз айында беріледі деп белгіленген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны шамамен 120 млрд теңге болады. Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2028 жылдар, - деп жазады вице-премьер.

Бұған дейін Орал қаласы мен Қаратөбе ауданының әкімдеріне тасқынға қарсы жұмысты жөнді жүргізбегені үшін сөгіс жарияланған еді

Соңғы жаңалықтар