Есірткі саудалаушылар тергеумен ынтымақтастықта болса да жауапкершіліктен босатылмайды

 Ішкі істер министрлігі тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болған есірткі саудалаушларды жауапкершілікті босату бастамасынан бас тартты, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Kazinform

«Есірткі саудалағаны үшін тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнамаға мұндай өзгерістер енгізу асығыстық екендігі туралы шешім қабылданды», - делінген агенттіктің ресми сауалына министрлік берген жауапта.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Мәжілісте өткен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбындағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткі өткізіп, бірінші рет қолға түскен және тергеуге жан-жақты көмек көрсеткен күдіктінің жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

«Егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі адам тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Мәжіліс депутаттарын осы түзетулерді заң жобасы аясында қарастыруды сұраймын», - деген деді ведомство басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар