Есірткі тасымалдаған күдікті бұрын математика пәні мұғалімі болған - ІІМ
АСТАНА. KAZINFORM – Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

— Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай — Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды.
Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрайды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін екі халықаралық есірткі арнасы жойылды.