Есірткіге қарсы ірі операция: Таразда жасырын зертхана жойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Зертханадан 66 келіден аса мефедрон мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Есірткіге қарсы ірі операция: Таразда жасырын зертхана жойылды
Фото: ҰҚК

Биылғы жылдың мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою операциясын жүргізді.

Есірткіге қарсы ірі операция: Таразда жасырын зертхана жойылды
Фото: ҰҚК

— Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 66 келіден астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Есірткіге қарсы ірі операция: Таразда жасырын зертхана жойылды
Фото: ҰҚК

Бұған дейін 2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

Соңғы жаңалықтар