07:13, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Еуро-2016 -дағы ең әдемі соғылған доп (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Золтан Гераның Португалия қақпасына енгізген голын УЕФА Еуропа чемпионатындағы ең үздігі деп таныды. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастығы
одағының сайтында хабарланды. Бұл гол 3:3 болып аяқталған ойындағы алғашқы доп болды. Бұған жанкүйерлердің 32 пайызы дауыс берді. 37 жастағы Золтан Гера қарсыластардың қақпасына допты Еуро-2016 топтық кезеңінің үшінші турында енгізген болатын.
УЕФА-ның пікірінше, Золтан Гераның голы Джердан Шакири, Криштиану Роналду және Хэл Робсон-Кану соққан доптардан әсерлі болған.