Euro 2024: Бүгін елордада Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі өтеді

None
Photo: instagram.com/kff_team
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынын Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі 10 қыркүйекте елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде бас төреші Израиль елінен Рои Райншрайбер болады. Оған отандастары Давид Элиас Битон мен Саги Метзамбер көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Снир Леви.

Қазірге дейін бес ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан және турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Ал 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға жол берді.

Солтүстік Ирландия құрамасы алдымен Сан-Мариноны жеңіп, одан кейін Финляндияға 0:1, Данияға 0:1, Қазақстанға 0:1, Словенияға 2:4 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 21.50-де қазақстандық футболшылар ойын көрсететін H тобында Финляндия мен Дания кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 0.45-те Словения мен Солтүстік Ирландия құрамалары жасыл алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар