EURO - 2024: Хорватия мен Албания тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алтыншы ойын күнінде В тобында екінші турда Хорватия мен Албания тең түсті.

 EURO - 2024: Хорватия мен Албания тең түсті
Фото: championat.com

Кездесу барысында албаниялық футболшылар жылдам гол соғып кетті. Оны 11-минутта Казим Лячи өзінің еншісіне жазды.

Ал хорватиялық құрамадан Андрей Крамарич 74-минутта таразы басын теңестірсе, 76-минутта албаниялық Клаус Гясула автогол авторы атанды.

Ойынның 95-минутында Клаус Гясула енді қарсыластар қақпасына гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Енді аталған топтағы Италия мен Испания кездесуі 20 маусымда өткізіледі.

Үшінші турда 24 маусымда Хорватия мен Италия, Албания мен Испания шеберлік байқасады.

Сондай-ақ бүгін А тобында Германия мен Венгрия, Шотландия мен Швейцария ойындары өтеді.

Соңғы жаңалықтар