Euro-2024: Қазақстан-Дания кездесуіне төрешілер белгіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысының екінші турындағы Қазақстан - Дания кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын 26 наурызда елордадағы «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де өтеді. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойында сербиялық Новак Симович бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Никола Джорович пен Милош Симович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де – сербиялық Лазар Лукич.

Еске салсақ, алғашқы турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Словенияға 1:2 есебімен жол берді.

Ал, Дания өз алаңында Финляндиядан 3:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, аталған топта Сан-Марино Исландияға 0:2 есебімен жеңілді.


Соңғы жаңалықтар