Euro-2025: Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейін жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2025 жылдың Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Еліміздің 17 жасқа дейін жасөспірімдер құрамасы төртінші топта Бельгия, Украина және Косовомен бақ сынайды. Ойындар қайда өтетіні алдағы уақытта белгілі болады.
Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жеңімпаздар 2025 жылы Албанияда өтетін финалдық сатысында бақ сынайтын болады.
Сондай-ақ, 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы бірінші топта Украина, Нидерланд және Словениямен кездеседі.
Финалдық кезең 2025 жылдың жазында Румынияда өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Каспий» төрт ойынның барлығында жеңіске жетті.